Атырау, 28 қараша 10:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

120 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның «Бейбітшілік үшін қызмет» медалымен марапатталды

2 107 просмотра


Наградаларды табыстау салтанатты рәсімі Ливандағы БҰҰ-ның бекетінде өтті. Оған 600-ден аса адам қатысты. Оның ішінде, 30 елдің елшісі мен әскери атташесі, «Шығыс» секторы бөлімшелерінің командирлері. Рәсім жалауларды шығару және қатысушы елдердің мемлекеттік әнұранын орындаудан басталды. 

Рәсімнің барлық қатысушылары алдында «Шығыс» секторының командирі генерал-майор Антонио Ромеро сөз сөйлеп, бітімгершілік миссияға қосқан үлестері мен адал қызметтері үшін бітімгершілерге алғысын білдірді. 120 қазақстандық әскери қызметшіні БҰҰ-ның «Бейбітшілік үшін қызмет» медальдарымен марапаттады. 

«Бұл мен үшін және барша жеке құрам үшін зор құрмет. Біз жай ғана медальдар алған жоқпыз. Біз үшін бірінші кезекте бұл бітімгершілік қызметке қосқан үлесіміз үшін мемлекетімізге деген құрмет. Ливандағы бітімгершілік миссия мен үшін бірінші, оның үстіне, рота командирі лауазымында. Асқан жауапкершілікті жүктейді. Бірақ, біздің алдымызда бір ортақ мақсат тұр – Тәуелсіз Қазақстанның туы астында адал қызмет атқару», - деді майор Аян Нұрқасов. Салтанатты рәсімнен кейін қазақстандық бітімгершілік ротаның көркемөнерпаздар ұжымы ұйымдастырған концерт өтті. Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық бітімгершілердің бірінші ротасы БҰҰ  бітімгершілік миссиясының мерзімі 2019 жылғы сәуірдің аяғында аяқталады. Олардың орнына қазіргі кезде дайындықтан өтіп жатқан екінші рота Ливанға аттанады.

Дереккөз: 24.kz

31 наурыз 2019, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.