Атырау, 24 сәуір 01:11
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

"Қазақ стилі". Қанат Бейсекеев Лос-Анджелестегі боксшылардың өмірін көрсетті

Бейнежазба
1 410 просмотра


Режиссер Қанат Бейсекеев АҚШ-тағы қазақстандық кәсіпқой боксшылар туралы деректі фильмін таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Qazaq boks stıli картинасының басты кейіпкері Жәнібек Әлімханұлы болды. Ол Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Ұйым басшысы Боб Арум әлемдегі үздік боксшылармен жұмыс істейді. Фильмге Мадияр Әшкеев, Сағадат Рақманқұл, Асхат Уәлиханов, Мейірим Нұрсұлтанов сияқты боксшылар түскен. Картинадан спортшылардың жаттығулары мен спаррингтерін ғана емес, Америкадағы өмірін көруге болады.  


Картина авторы әлемге Головкиннен бөлек әлемдік аренада чемпион бола алатын басқа да қазақстандық спортшыларды көрсеткісі келгенін айтты. Ол бұл жобаны "Хабар" телеарнасымен бірге жүзеге асырған.

Бұған дейін Қанат Бейсекеев Ирандағы қазақтардың өмірі жайлы фильм түсірген болатын.  Қанат Бейсекеев өзінің шығармашылық жолын Vox Populi жобасында бастаған. Кейін жас фотограф Америкаға оқуға кетіп, сол жақтағы қазақстандықтар туралы деректі фильмдер түсірді. Бүгінге дейін автор 30-дан аса деректі фильмді жарыққа шығарған.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 наурыз 2019, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.