Атырау, 28 наурыз 14:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Алматыда қыруар ақшамен ұсталған жүргізушінің ісі: Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды

Сурет
1 953 просмотра


Алматыда көлігінде доллар мен травмат қаруын алып жүрген жүргізуші ұсталған соң Алматы облысында тексеріс басталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желі қолданушылары полицей тоқтатқан көліктің жүксалғышынан табылған 007 TTD 02 және 055 TTD 05 нөміріне назар аударды. Олар алматылық полицейлер ұстаған ер адамның Талдықорған әкімінің туыстарымен байланысы бар-жоғын анықтағысы келді. Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді. 


"Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта ол мәліметті жоққа шығарып немесе растай алмаймыз. Тексеріс қорытындысы бойынша бөлек мәлімдеме жасаймыз", - деді әкімдіктегілер. 


Еске салайық, кеше 28 наурызда Алматы полицейлері Toyota Camry көлігін тоқтатқан болатын. Тексеріс кезінде жүргізушіде куәлік пен көліктің қандай да бір құжаты болмаған. 


"Жүргізушінің көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ және қалада бөтен автомобильді басқарғаны анықталды. Инспекторлар шұғыл және арнайы қызметтердің автокөліктеріне арналған арнайы жарық және дыбыс сигналдарын беруге арналған автоға орнатылған құрылғыларды байқады. Тәртіп бұзушы өте қатты қобалжып, уақыт өте келе біреумен телефон арқылы сөйлескен", - деп хабарлаған еді әкімшілік полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының өкілдері.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 наурыз 2019, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.