Атырау, 29 наурыз 12:10
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​«Мисс Қазақстан-2019» іріктеу кезеңіне 75 млн теңге жұмсалған

Бейнежазба
2 607 просмотра


Елде туризмді дамытуға бөлінген ақша «Мисс Қазақстан» байқауын өткізуге жұмсалған. Бұл туралы Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан айтты. 

Туристік инвестициялық форум ұйымдастырып, 5 меморандум бекітуге бөлінген 75 млн теңге сұлулық сайысының тек іріктеу кезеңіне кеткен. Тіпті, 2017 жылы өткен «ЭКСПО» көрмесі де билік жоспарлағандай- елге туристер тарта алмады. Шартарапқа саяхаттап шығатын туристер саны келетіндерден 1,5 есеге көп. Жыл сайын тұрғындар өз елімізде емес, шетелде демалуға 2,7 млрд теңге жұмсайды.  

Талғат Жақан, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі: 

Бұл Туризм индустриясы комитетінің қаражатты дұрыс ұйымдастырмағаны салдарынан болған. Елдің туристік әлеуетін арттырып, шетелдік және отандық инвесторлардың, барлығы 250 адамның қатысуымен өтуі тиіс форумдар болмаған. Оның орнына туризмге қатысы жоқ «Мисс Қазақстан» байқауының іріктеуін ұйымдастырған.


Дереккөз: Астана ТВ

29 наурыз 2019, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.