Атырау, 1 наурыз 05:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды

2 134 рет қаралды


Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың ұшулары тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың тапсырмасы бойынша Ми-8 үлгісіндегі армиялық авиацияны қолдана отырып, арнайы бөлімшелердің "Алтын жебе" кешенді тексерісінің қорытынды кезеңі тоқтатылды", - деп хабарлады ведомстводағылар. 

Авиациялық апаттың себептері мен бір типті әуе кемелерінде оларды болдырмау жөніндегі алдын алу шараларының кешені өткізілгенге дейін шектеулер енгізілді. Еске салайық, Ми-8 тікұшағы 27 наурызда апатқа ұшыраған болатын. Әскери тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден беріледі

Дереккөз: tengrinews.kz

 

28 наурыз 2019, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.