Атырау, 29 қараша 00:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Тұрғындарды көшіруге 5,4 млрд теңге жұмсалады

2 589 просмотра

2 қыркүйек күні «Атырау» қонақ үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ  және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Алик АЙДАРБАЕВ мұнайшылардың  аймақтың әлеуметтік бағдарламасы үшін 6,6 млрд теңге  бөлуі жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бұл бұрын-соңды болмаған  сома, біз мұндай қаржыны бұған дейін бөліп көргеніміз жоқ. Көрсетілген соманың негізгі бөлігі, дәлірек айтқанда,5,4 млрд теңге болашағы жоқ поселкелер, яғни, Мақат ауданының Байшонас және Ескене тұрғындарын көшіруге жұмсалатын болады, - деді А.Айдарбаев.  – Ембі – бұл Қазақстан мұнайының тарихи орталығы болып табылады. Қазіргі кеуіп қалған кен орындарының  өз кезеңінде  халыққа бергені аз болмады. Біз ескі кен орындары мен поселке тұрғындары туралы ұмытпауымыз керек.

Байшонас және Ескене ауылдарын көшіру бағдарламасы үстіміздегі жылы басталып, 2013 жылы аяқталады. Қалған  1,2 млрд теңге әлеуметтік құрылыс нысандары – дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен балабақшалар құрылысын аяқтауға жұмсалатын болады. Меморандумда көрсетілген ақша қаржыларынан басқа біз еліміз масштабы бойынша 700 млн долларды үш жылдық жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға  бөліп отырмыз. «ЕмбіМұнайГаз» ӨФ кен орындары негізінен ескі. Вахталық поселкелер салып, оларды жаңартатын және мұнайшылардың еңбегін жақсартатын боламыз. Жол құрылысы оның республикалық немесе облыстық маңыздылығына қарамастан жүзеге асырылатын болады. Биылғы жылы біз осы мақсат үшін Атырау облысына 1,5 млрд теңге бөліп отырмыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген  Қанат ЕЛЕУОВ

4 қыркүйек 2012, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.