Атырау, 26 сәуір 17:34
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​"Гранттарымен және шәкіртақыларымен алдайды". Назарбаев жастардың елден кетуі жайлы

2 423 просмотра


Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында жастардың Қазақстаннан кету проблемасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы мұндай проблеманың бар екенін және оның осыған дейін де болғанын айтты. Айтуынша, өзге елдегілер түлектерге ЖОО-ға түсу үшін қолайлы жағдайлар ұсынады. 

"Бізде осындай проблема бар, осыған дейін де болған. Бірақ былтырдан бастап көші-қон төмендеп жатыр. ЖОО-лар оңай емтихандармен, гранттармен және шәкіртақылармен алдап жатыр, содан жастар сонда кетіп жатыр", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы жастардың Қазақстанның кетпеуі үшін білім беру саласы мен медицинаны жетілдіруге қажеттігін айтты.

"Білім беру гранттарын беру үшін университеттеріміздің деңгейін көтеруіміз керек. Меніңше, біз өзіміздің елге келіп оқитындай, емделетіндей жағдай аламыз. Медицина мен білім беру жетілсе, адамдар да біздің елде өмір сүріп, жұмыс істегісі келеді. Жалпы айтқанда халық саны өсіп жатыр. Бізге де Ресей, Қытай елдерінен келіп жатыр. Түркиядан да келеді", - деді Президент.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 желтоқсан 2018, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.