Атырау, 25 қараша 14:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«О дүниеден оралу»: Әділет министрлігі арнайы комиссия құрды

2 898 просмотра


Ағайындары өлді деп жерлегеннен кейін үйіне оралған Атырау тұрғыны Айғали СҰПЫҒАЛИЕВ туралы «АЖ» жарияланымынан кейін ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы арнайы комиссия құрды. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Комиссия қажетті тексеру жұмыстарын жүргізеді, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланады, - делінген баспасөз хабарламасында. - Өз кезегінде Атырау қалалық прокуратурасы ҚР ҚІК 183-бабы 1-бөліміне (БАҚ-та жарияланған ақпарат сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуына себеп бола алады) сілтеме жасай отырып, материалды сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркеді.

4 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сот-медициналық сарапшысының қатысуымен Айғали Сұпығалиевтың атымен жерленген мәйітке эксгумация жүргізді». 

Фархат ӘБІЛОВ

6 қараша 2018, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.