Атырау, 29 наурыз 17:39
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Жаңа жылдық сыйлық» темір тордан аса алмады

3 690 просмотра

Колония қызметкерлері түзету мекемесіне спирттік ішімдіктер мен есірткінің көп партиясын жолдау әрекетін құрықтады.

Өткен сенбі күніколонияның маңынан күдік тудырған «Фольксваген» маркілі автокөлігі көзге түскен. Ол көліктің жүргізушісі көп ұзамай-ақ, қоршау арқылы пластик бөтелкелерді лақтырып жатқан жерінен ұсталды. Көліктегі екі жолаушы жасырынып үлгерген. Дегенмен, олар осылайша темір тордың ар жағына 24 литр спирт, коньяк, аққайнар және арақ жеткізуді жоспарлаған. Бұдан басқа, көліктен құрамында есірткі заттары бар 140 қораптағы дәрілік препараттар табылып, тәркіленген. Осынау қомақты жаңа жылдық сыйлық тиісті мекен-жайларына жетпей қалды, тергеу жұмыстарымен қалалық ІІБ айналысуда.

Лев ГУЗИКОВ

2 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.