Атырау, 20 мамыр 23:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматы ІІД: Бізге де Американың «911» call-орталығындай жүйе керек

1 271 просмотра


Алматы ІІД Америкадағы «911» сияқты бірыңғай call-орталықтың қажеттілігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бұл бір күндік шаруа емес екендігін білеміз. Біздің қолымыздан бұл мәселені шешу келмейді. 101, 103 қызметтерін бір желіге біріктіріп АҚШ-тың «911» call-орталығындай жүйеге көшуіміз керек», - деді брифингте қалалық ІІД шұғыл басқару орталығының басшысы Андрей Квашнин.

ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек те бұл ұсынысты құптап, бірыңғай жүйе мен штатты кеңейтудің қажеттілігін айтты. «Егер бірыңғай call-орталық болса, онда операторлар психологиялық тұрғыдан да көмек көрсете алады. Жақында қоғамдық келісім және басқа қызмет өкілдерімен кездестік. Біздің жағдайымыз ұқсас. Осы уақытқа дейін көшенің қайда екенін сұрап қоңырау соққандар болды», - деді ол. 

Биыл 8 айдың ішінде шұғыл басқару орталығына 500 мың қоңырау түскен. Олардың 100-120 мыңы ғана полиция көмегін қажет еткен.

 

Дереккөз: inform.kz

29 тамыз 2018, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.