Атырау, 14 қаңтар 03:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Конституция күніне орай қазақстандықтар 4 күн демалады

2 562 рет қаралды


Конституция күніне орай қазақстандықтар төрт күн демалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Заңнамаға сәйкес 30 тамыз Конституция күні - демалыс күні саналады. Биыл мереке бейсенбіге түсіп тұр. Үкімет қаулысымен 25 тамыздағы демалыс күні 31 тамызға ауыстырылды. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 30 тамыздан 2 қыркүйекке дейін 4 күн демалады.  

Еске сала кетейік, Мереке күндері кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 85-бабының 3-пунктінде көзделген демалыс күндерінде жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы. 

Дереккөз: tengrinews.kz

17 тамыз 2018, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.