Атырау, 14 қаңтар 03:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмай тұрмыс құрған қыздардың саны қанша?

2 204 рет қаралды


БҰҰ деректеріне сүйенсек, әдетте күйеу жігіт жасөспірім қалыңдықтан кем дегенде 10 жасқа үлкен. Қазақстанда жыл сайын кәмелеттік жасқа толмағандармен 3 мыңдай неке тіркеледі, деп хабарлады БҰҰ-ның халық санағы қоры (ЮНФПА).

Кәмелеттік жасқа толмағандар – 18 жасқа толмаған жасөспірім қыздар.

"БҰҰ-ның кластерлік зерттеу деректеріне сүйенсек, Қазақстанда әйелдердің 8%-ы алғаш рет ресми немесе ресми емес некеге 18 жасқа дейін тұрған, олардың 5%-дан астамы 15-19 жасында өздерінен кем дегенде 10 жасқа үлкен ер-азаматтармен отау құрған", — деп хабарлайды ЮНФПА.

Зерттеу барысында анықталғандай, кәмелеттік жасқа толмаған келіншектер сексуалды, экономикалық, физикалық және эмоционалдық зорлық-зомбылыққа тап болады.

"Бізге әбден қиналып, тығырыққа тірелген қыздар хабарласады. Қоңырау шалып, күйеулерінен тығылып келіп жатады. Мүмкіндігімізше көмектесіп, дағдарыс орталығына жөнелтеміз, бірақ ол жерде ұзақ қала алмайды", — деп мәлімет берді қиындыққа душар болған әйелдерге жәрдемдесетін үкіметтік емес қауымдастықтың өкілі ұйымға.

Атап өтсек, видеоролик әнші Калияның (Kaliya) "Қыз тағдыры" клипінің негізінде әзірленген. Орындаушының өзі айтқандай, "қазақтың салт-дәстүрінде қыздарды кемсіту, ар-намысын таптау жат қылық болып саналады".

Дереккөз: sputniknews.kz

17 тамыз 2018, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.