Атырау, 26 сәуір 18:00
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ағайынды салафиттер теракт туралы хабарлап, полицейлерді соққыға жықты

2 022 просмотра


Екі ағайынды жігіт есірткі шегіп алған екен, ұстау кезінде біреуі қашып кетуге талпынды. Ақтөбеде экстремистік діни көзқарастағы егіздер ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 29 шілдеде егіз жігіттердің бірі 102 нөміріне хабарласып, әзірленіп жатқан теракт туралы хабар береді.

Полицейлер қоңыраудың мекенжайын анықтап, сол жерде хабар беруші жігіт пен оның сыңарының үстінен түседі.

"Есірткі шегіп алған екен, ештеңе түсіндіріп айта алмады, әкімшілік қамауға алу үшін абақтыға жеткізбек болғанда қарсылық көрсетті. Ағайындылардың бірі қашпақ болып, Ақтөбе ІІБ-нің екі қызметкеріне қол көтерді", — деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ұсталған егіздердің мінез-құлқын тексеру барысында олардың салафиттік теріс діни наным-сенімді ұстанатыны анықталды.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, ұсталғандарға қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімішілік хаттама толтырылып, полицейлерді ұрып-соққан ер адам ҚК 380-бабы 1-тармағы (билік өкіліне қарсы күш қолдану) бойынша жауапқа тартылады.

 үшін қылмыстық іс қозғала ма, жоқ па – хабарланбады.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 тамыз 2018, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.