Атырау, 9 қараша 22:43
 ашықВ Атырау +6
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Борышкерлерге «жандары ашыпты»

3 778 просмотра

Атырау қалалық прокуратурасында сот орындаушыларының қызметтерін тексеру жөнінде қорытынды жасалды.

Брифингте қала прокурорының көмекшісі Жансая ИМАНҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, биылғы жылдың 11 айы ішінде қадағалаушы орган осындай 23 тексеру жүргізген. Олардың нәтижелері бойынша заңның бұзылғандығын жою туралы 123 ұйғарым мен 27 жазбаша ұсыныс енгізілді, сот орындаушыларының заңға қайшы жеті қаулысына наразылық білдірілді.

Алынған шаралар бойынша 201 миллион теңге сомаға 204 акт орындалды. Заңды бұзғаны үшін 18 сот орындаушылары (әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық) жауапкершілікке тартылды. Мәселен, қалалық прокуратураның араласуымен «Тенгизнефтестрой» ЖШС-не қатысты атқару өндірісі аяқталды. Ол сот шешімімен «Карим Кам» ЖК-на 6 миллион теңгеден астам сома төлеуге тиіс болатын. Тексеру барысында анықталғандай, сот орындаушы түрлі инстанцияларға борышкердің мүліктерін анықтау үшін тиісті сауалдарды уақытында жібермеген.

Осындай заң бұзушылықтар бойынша «Байкер МК» ЖШС-нде 69,4 миллион теңге сомасында және «Адил Бур Сервис» ЖШС-нде 2,9 миллион теңге сомасында бережақтар анықталған.

Лев ГУЗИКОВ

2 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.