Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша өткізілген операция нәтижесінде 200 000 доллар көлемінде ақша бопсалап, оны алу кезінде Беларусь Республикасы президентінің көмекшісі - Гордиенск облысының инспекторы Ровнейко Сергей Васильевич ұсталды", - делінген хабарламада.
Ровнейко бірнеше рет пара алу дерегіне қатысты құқық қорғау органдарының назарына бір жыл бұрын ілінгені хабарланып отыр. Лукашенконың рұқсатымен лауазымды тұлғаның заңбұзушылық қызметін құжаттау үшін жедел-іздеу шаралары өткізілген.
"Кезекті пара алу оқиғасы кезінде қолында ақша ұстаған сәтте ұсталды. Оған қатысты Беларусь Республикасы ҚК-нің 430-бабының 3-тарауы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тергеу изоляторын қамалды. Қазір ол кінәсін мойындап жатыр. Кінәсі дәлелденген жағдайда ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп атап өтті елдің МҚҚ өкілдері.
Дереккөз: tengrinews.kz