Атырау, 30 қараша 04:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Бельгияда екі әйел полицейді атып өлтірген күдіктіге қатысты жаңа деректер шықты

1 960 просмотра


Бельгияның Льеж қаласында екі полицейді атып, кепіл ретінде бір адамды тұтқынға алған күдіктінің тұлғасы анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі RTBF телерадиокомпаниясына сілтеме жасап. 

1982 жылы туған Бенжамин Эрман Льеждің орталық даңғылдарының бірінде полицейлерге оқ атып, соның салдарынан екі тәртіп сақшысы оқиға орнында қаза тапқан. Ол алдымен полицейлерге пышақпен шабуыл жасап, қаруын тартып алған, артынша сол қарумен өздерін атып салған. Полицейлерді өлтірген соң қаскөй автотұрақта тұрған автомобильдегі 22 жастағы жігітті атып өлтірген. Содан кейін шабуылшы жақын жерде орналасқан мектепке барып, әйел адамды кепіл ретінде тұтқындаған. Жедел шаралар нәтижесінде қаскөй атып өлтірілді. 

«Іс сотқа «терроризм» бабымен тіркелді», - деп мәлімдеді Льеж прокуратурасы. 

RTBF таратқан хабарға қарағанда, қаскөй бұған дейін есірткімен байланысты қылмыс жасап түрмеге жабылған, бірақ уақытша бостандыққа шығарылған. Ол дүйсенбі күні кешкісін түрмеге қайта оралуы тиіс болатын. 

Хабарларға қарағанда, Эрман сол аралықта Люксембург провинциясында да кішігірім қылмыс жасап үлгерген. Бенжамин Эрман түрмеде жүрген кезінде радикалды экстремистердің ықпалына түскен болуы мүмкін деген болжамдар бар.

Дереккөз: inform.kz

30 мамыр 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.