Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа сыбайлас жемқорлық фактілеріне байланысты айып тағылды, деп жазады Кабар.
Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатқан қылмыстық іс аясында елдің бұрынғы Үкімет басшысы Сапар Исаковқа қатысты Қырғызстанның ҚК 303-бабының 1-бөлігіне (сыбайлас жемқорлық) сәйкес айып тағылып отыр. Және одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Белгілі болғандай, Исаков 2013 жылы Президент Аппараты жетекшісінің орынбасары болып жүргенде «Бішкек қаласының ЖЭО жаңғырту» жобасын іске асыру кезінде өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген.
Дереккөз: inform.kz