Атырау, 30 қараша 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Тегеран ядролық келісімге қатысты талаптарын жариялады

1 651 просмотра


Тегеран Еуропа елдеріне ядролық келісімге қатысты міндеттерін орындау үшін 7 талап қойды. Оны Иранның діни жетекшісі Аятолла Али Хаменеи жариялады. Егер тараптар талапқа құлақ аспайтын болса, Иран өзінің ядролық бағдарламасын қайта жандандыратынын айтып сес көрсетті. 

Тегеран еуропалық банктермен ынтымақтастықты дамытып, елдегі мұнайды сатуға кепілдік сұрап отыр. Сондай-ақ алдағы келіссөз кезінде Иранның зымыран бағдарламасы мен аймақтағы жағдайды сөз етпеуді талап етті. Бұдан бөлек Тегеран еуропалық елдерден АҚШ-тың әрекетін айыптайтын қарар қабылдап, Вашингтонның жаңа санкциялар салуына жол бермеуге шақырды. 

Ал осы мәселе бойынша Америкаға барған Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас Еуропа мен АҚШ-тың ұстанымы екі бөлек екенін жасырмады. 

Хайко Маас, Германия Сыртқы істер министрі: 

- Бұл мәселеде АҚШ-пен әлі де ортақ мәмілеге келе алмадық. Себебі ұстанымымыз әртүрлі. Біз француз және ағылшын әріптестерімізбен осы тұрғыдағы ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз. Меніңше, тараптар бас қосып АҚШ-тың ұстанған саясатын тереңнен талқылауы тиіс.  

Ал АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осы келісімге қатысты 4 мемлекеттің өкілдері келесі айда бас қосатынын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, мамырдың басында президент Дональд Трамп 2015 жылғы ядролық келісімнен бас тартатынын мәлімдеді. Ал бірнеше күн бұрын Помпео Иранмен жаңа келісім жасау үшін АҚШ-тың 12 талабын жариялады.

Дереккөз: 24.kz

25 мамыр 2018, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.