Атырау, 30 қараша 02:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Сот Трампты Twitter жазылушыларын бұғаттамауға міндеттеді

1 965 просмотра


АҚШ президенті өзінің Twitter жазылушыларын бұғаттауға құқысы жоқ. Мұндай шешімді Манхэттеннің федералды соты шығарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі New York Daily News басылымына сілтеме жасап.

Судья Наоми Бухвальд Дональд Трамптың @realDonaldTrump аккаунты «қоғамдық форум» болып табылады және қолданушылар АҚШ-тың конституциясына енгізілген сөз еркіндігін кепілдендіру туралы түзетумен қорғалған деген шешім шығарды. Ал, жазылушыларды саяси пікірі үшін бұғаттау бұл кемсіту болып табылады.

Бұғатталғандардың бірі Америкалық прогресс орталығының маманы Ребекка Баквальтер болды. Ол 6 маусымда шыққан Трамптың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген.

Дәлірек айтсақ, Трамптың «Мен «жалған» медиаға жүгінсем сайлауда жеңіске жетпес едім» деген мәлімдемесіне пікір жазған. Ол: «Әділдік үшін, сіз сайлауды жеңіп алған жоқсыз. Ресей оны сіз үшін жеңіп алды», деп пікір қалдырған. Бірнеше уақыт өткеннен соң Трамп бұл жазылушыны бұғаттап тастаған, ал ол өзкегінде сотқа шағым түсірген.

Бүгінде Трамп сот шешіміне қатысты твит жазбады.

Дереккөз: Baq.kz

24 мамыр 2018, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.