Атырау, 30 қараша 02:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Барак Обама енді продюсер болады

1 626 просмотра


АҚШ-тың экс президенті Барак Обама мен оның жұбайы Мишель түрлі форматтағы сериалдар мен телевизиялық бағдарламаларға продюсерлік етеді.

Бұл жайында Американың Netflix компаниясы өз Twitter парақшасында жариялады. Осыған дейін New York Times экс президенттің осы мәселеге байланысты келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. 

Netflix – Рид Хастингс пен Марк Рэндольф негізін қалаған америкалық ойын-сауық компаниясы. Бастапқыда фильмдер мен сериалдарды мультимедиа ағымына сай қоюшы компания ретінде құрылды. 

Ал 2013 жылдан бері өздерінің фильмдерін, сериалдары мен телебағдарламаларын шығара бастады. Қазіргі таңда бүкіл әлем бойынша 125 миллионнан астам көрермен Netflix өнімдерін тамашалау үшін ресми тіркелген. 

Американың бұрынғы президенттері халықпен тығыз байланысты кітап жазып, жұрт алдында түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп немесе қайырымдылық жасау арқылы орнатқан.

Дереккөз: 24.kz

22 мамыр 2018, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.