Атырау, 30 қараша 02:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ресейде қырғыз жұмысшылары ереуілдеп жатыр

1 946 просмотра


Куриль аралдарында құрылыс нысандарын салып жатқан қырғыз жұмысшылары жұмысқа шығудан бас тартып, ереуілге шыққан. Олар “СПИРО” солтүстіккуриль құрылыс компаниясынан үш айлық жалақыларын беруді талап етіп отыр.

Ресейдегі Қырғызстанның елшілігінің хабарлауынша, мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында және консулдық-құқықтық көмек беру үшін дипломатиялық миссия кеңсесі жедел түрде Солтүстік Курильск қаласының вице-мэрі Александр Овсянниковқа хабарласқан.

Вице-мэрдің айтуынша, Қырғызстан азаматтары жұмысқа 19 мамыр жұмысқа шығудан бас тартқан және жалақыларын алмайынша наразылық шарасын жалғастыра беретінін айтқан.

“Кикілжіңді муниципалитет әкімшілігі, жергілікті депутаттар, полиция, прокуратура және жұмыс берушінің қатысуымен шешуге тырысты, бірақ мәселе қазірге дейін шешілмеді. «СПИРО» солтүстіккуриль құрылыс компаниясының басшылығы Куриль бағдарламасының нысандарын салуға тапсырыс беруші тарапынан қаражат уақытында түспегендіктен жалақылары кешіктіріліп жатқанын айтқан” делінген елшілік хабарламасында.

Ереуілдеп отырған қырғыз жұмысшылары Куриль бағдарламасы бойынша үш нысан салып жатыр. Өткен жылы Ресей бағдарламаны қаржыландыруы 70 млрд рубльден 81 млрд рубльға дейін көбейткен.

Дереккөз: azattyq.org

22 мамыр 2018, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.