Атырау, 30 қараша 02:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Пентагон: Ресейдің Орталық Азия хақындағы мәлімдемелері саяси пропаганда

2 009 просмотра

АҚШ Ресейдің Орталық Азияға төніп тұрған қауіп жөніндегі мәлімдемесіне сенбейді. АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі басшысының орынбасары Кон Фолкнер РИА Новости ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: 

«Ресей «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын желеу етіп АҚШ-тың Ауғанстандағы іс-қимылдарына кедергі келтіруде. Ресми Мәскеу Уашингтонның орталық азиялық әріптестерімен арадағы байланысын бұзу үшін түрлі айла-тәсілдер пайдалануда. Ресейдің «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы Орталық Азия аумағына басып кірмек» - деген мәлімдемелері саяси пропаганда» - деп мәлімдеген.

Естеріңізге салайық, мамыр айының басында Ресей сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Олег Сыромолотов Душанбе бас қосуында: «Ауғанстан террорлық ұйымдардың әскери базасына айналып барады. Қазіргі таңда ел аумағында 10 мыңға жуық содыр бар. Олардың басты мақсаты Орталық Азия мен Ресейде тұрақсыздық орнатып, аталмыш аймақта «Солтүстік Хорасан» квазимемлекетін құру» - деген. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

21 мамыр 2018, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.