АҚШ пен Қытай өзара тарифтерді көтермеу туралы келісімге келді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Интерфакс сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин мәлімдегендей, АҚШ пен Қытай жақында ғана жүргізілген келіссөздер нәтижесі бойынша шыныменде бір-біріне қарсы сауда тарифтерін көтеру идеясынан бас тартты.
«Біз айтулы табысқа қолжеткіздік және негіздерді (біздің әрекеттерімізді — ИФ) келісіп алдық. Осылайша, біз дәл қазірден бастап сол негіздерді жүзеге асыру үшін тарифтерді тұрақтандыру туралы келістік», — деді Стивен Мнучин.
Бұған дейін Қытай мен АҚШ арасындағы келіссөздердің қортындысы бойынша ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Лю Хэ хабарлағандай, тараптар екі ел арасындағы сауда соғысына жол бермейтін шараларды қабылдау туралы келісті, оның ішінде тарифтердің өсімін алдын алу шаралары да бар.
АҚШ пен Қытай өкілдері Вашингтонда мамырдың 17 мен 18 сауда мәселесіне арналған кезекті раунд отырысын өткізді. Сонан соң, тараптар АҚШ-тағы тауар тапшылығын төмендету үшін Қытайдың америкалық импортты арттыру бойынша шараларды қабылдауға келіскені туралы мәлімдемені жариялады.
Дереккөз: Baq.kz