Украина Тәуелсіз мемлекеттер достығы аясында жасалған халықаралық келісімдерді қайта қарап, ұлттық мүддеге сай келмейтіндерінен шығады. Бұл туралы саяси репрессия құрбандарының құрметіне арналған «Быковнянские могилы» қорығында өткен шарада Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РБК-Украина сайтына сілтеме жасап.
«ТМД аясында жасалған халықаралық келісімдерді қайта жіті қарап шығамыз, ұлттық мүддеге сәл болса да сай келмейтіндерінен шығамыз», - деп мәлімдеді Петр Порошенко.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, Украина ТМД «империямен өркениетті ажырасу» құралы ретінде қарастырып келді.
«Мәскеу ТМД жаңартылған империяға айналдыруға тырысты, онда барлығы кеңестік кездегі Кремльдегі Спасск мұнарасындағы сағатпен уақыттарын түзеп тұратын еді. Сондықтан да Украина ТМД жарғысын ратификацияламады және ТМД-ның толық мүшесі болмады», -деп толықтырды Петр Порошенко.
Бұған дейін Петр Порошенко Тәуелсіз мемлекеттер достығының жарғылық органдарынан барлық Украина өкілдерін қайтару туралы жарлыққа қол қойды.
Дереккөз: Baq.kz