Атырау, 16 желтоқсан 08:53
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Месси бесінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды

2 508 рет қаралды


«Барселона» футболшысы Лионель Месси бесінші рет еуропа чемпионатының үздік шабуылшысы ретінде «Алтын бутсы» иегері атанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017-2018 жылғы маусым ойындарында аргентиналық футболшы Испания чемпионатындағы 36 матчта 34 гол соғып, үздік шабуылшы болды.

Одан кейінгі үздік 5-тіктегі шабуылшылар: Англия – Мохамед Салах, «Ливерпуль», 36 матчта 32 гол; Германия – Роберт Левандовский, «Бавария», 30 матчта 29 гол; Италия – Чиро Иммобиле, «Лацио», 33 матчта 29 гол; Франция – Эдинсон Кавани, «Пари Сен-Жермен», 32 матчта 28 гол.

Бұған дейін Месси 2010, 2012, 2013 және 2017 жылдары ең үздік шабуылшы атанған болатын. Осылайша, аргентикалық футболшы Криштиану Роналдудан басым түскен.

Дереккөз: Baq.kz

21 мамыр 2018, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.