Атырау, 29 наурыз 12:38
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Кубада 100-ден аса жолаушысы бар ұшақ құлады

1 849 просмотра


Кубадағы әуе апаты: Назарбаев көңіл айтты Кубада жұма күні бортында жүзден аса адамы бар Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости кубалық БАҚ-тарға сілтеме жасап. 

Cubana de Aviacion әуе компаниясының ұшағы Гаванадан Ольгинге бағыт алған. Әуе кемесі Гавана әуежайынан ұшып шыққанына бірнеше минут өткенде құлаған.  Infobae порталының мәліметінше, ұшақ бортында 104 адам болған. Cibercuba басылымы кубалық Radio Rebelde радиосының журналисі Габдиэль Сильваға сілтеме жасай отырып, бортта экипаждан басқа 107 адамның болғанын және барлығының қаза тапқанын жазды.

Ұшақ құлаған жерге Кубаның Мемкеңес пен Министрлер кеңесінің басшысы Мигель Диас-Канель барды. Әлеуметтік желіде куәгерлер апаттың видеосы мен суреттерін жариялап жатыр. Видео кадрларынан қара қою түтінді көруге болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 мамыр 2018, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.