Атырау, 3 маусым 19:44
 дождьВ Атырау +23.5
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​Катар Палестинаға ақшалай қолдау көрсетті

1 986 рет қаралды


Палестина босқындарына қаржылай көмек берілді. Фото: Анадолы. Катар палестина босқындарына 50 млн АҚШ доллары көлемінде ақшалай көмек атады. 

Катар әмірлігі бұл қаржыны БҰҰ-ның Палестина босқындарына жәрдем беру агенттігіне табыстаған. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады. 50 млн доллар көлемінде көмек қаражаты туралы Катардың даму қоры жазбаша мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде: «Аталған қаражат палестиналық босқындарға білім беру істеріне жұмсалуы мақсат етілді», – делінген. Көмек беру протоколына Катардың сыртқы істер министрі және БҰҰ-ның Гуманитарлық көмек жөніндегі бас хатшының орынбасары қол қойған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

18 мамыр 2018, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.