17 мамыр күні 18:30-да Арменияның Армавир облысы Аревадашт ауылының аумағында жүзім өсірумен айналысатын «Армян Жері» компаниясының 90 қызметкері тамақтан уланып қалған. Бұл туралы Арменпресс Арменияның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың ішінде 20 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылды. Компанияның 30 жұмысшысы «Мецамор» медицина орталығына жеткізілді. Енді олар медициналық тексеруден өтіп жатыр.
ТЖК құтқару қызметі жедел тобы Армавир медицина орталығына барды. Қазіргі мәлімет бойынша, 55 қызметкер екі ауруханада ем алып жатыр.
Дереккөз: inform.kz