Түркияның Орталық банкі лираның құнсыздануын тежеу үшін нақты шаралар қабылдайтынын мәлімдеді. Оған түрік лирасы бағамының дүйсенбі күннен бастап 0,4 пайызға дейін төмендегені себеп.
Орталық банктің хабарлауынша, бұл үдеріс инфляцияға кері әсерін тигізбек. Ал лираның арзандауына президент Режеп Тайып Ердоғанның Лондон сапарында жасаған мәлімдемесі түрткі болды. Ол алдағы президенттік сайлауда жеңіске жетсе, елдің қаржы-несие саясатын бақылауға алатынын айтқан.
Халықаралық валюталық қор мен әлемдік рейтингтік агенттіктер болса лираның бағамын тұрақтандыру үшін Түркиядан пайыздық мөлшерлемені көтеруді сұрап отыр. Алайда Ердоған бұл шараға қарсы. Оның ойынша, мөлшерлемені азайту инфляцияны төмендетіп, қарызға кететін шығынды азайтпақ.
Дереккөз: 24.kz