Себебі Еурокомиссия осы тәртіпті күшейту жөнінде ұсыныс жасады. Бұл туралы Еуроодақтың Көші-қон, ішкі істер және азаматтық жөніндегі еурокомиссары Димитрис Аврамопулос мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа бастамалар ортақ виза жүйсіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған.
Мысалы, виза алу үшін берілген құжаттардың барлығы құзыретті органдардың ортақ базасындағы мәліметтермен салыстыру қарастырылған. Сондай-ақ енді күштік құрылымдар мен шекара қызметі бұл ақпаратттарды тез арада ала алатын болады.
Айта кету керек, Еурокомиссия шенген виза жүйесі мен шекара бақылауын жаңартуды 2015-2016 жылдары Париж бен Брюссельдегі лаңкестік әркекеттерден соң қолға алды. Себебі, тергеу кезінде терактілерді жасаған содырлар жалған құжатпен Еуроодақ шекарасын емін-еркін кесіп өткені анықталған.
Дереккөз: 24.kz