Украинаның шығыс аймағындағы қақтығыс кезінде бір украин солдаты мерт болып, екеуі жарақат алған. Украинаның қорғаныс министрі16 мамырда сепаратистер атысты тоқтату туралы келісімді бір тәуліктің ішінде 45 рет бұзып, минометпен атқылағанын айтты.
Ал сепаратистер Украина үкіметінің атысты тоқтату туралы келісімді 30 реттен астам бұзғанын мәлімдеп отыр.
2014 жылдың сәуір айынан бері Украинаның Донецк және Луганск аймақтарында үкімет күштері мен сепаратистері арасындағы қақтығыс салдарынан 10 мыңнан астам адам көз жұмған.
Қақтығысты шешуге бағытталған 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың ақпан айында қабылданған пакт шарттары жүзеге аспай қалды. 2017 жылдың соңында екі жақ тағы бір мәрте атысты тоқтату туралы келісім жасады. Бірақ сол уақыттан бері екі тарап бірін-бірі келісімді бұзды деп айыптап келеді.
Дереккөз: azattyq.org