Түркияда Газа секторындағы қайғылы оқиғаға байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды.
Бұл туралы ел президенті Реджеп Тайып Ердоған Ұлыбританияға сапары кезінде хабарлады.
Соңғы дерек бойынша ереуіл кезінде 59 адам қаза тапқан. Бас көтеруге Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуы түрткі болған. Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас та үш күндік аза тұту жариялады. Ал Газадағы жағдайды БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі келесі аптада талқылайды.
Дереккөз: 24.kz