Сейсенбі күні Кемеровада наурыз айында болған өрттің салдарынан 60 адам қаза тапқан «Зимняя вишня» сауда үйі ғимаратын құлату жұмыстары басталды. Бірінші кезекте қосалқы ғимараттар кетеді, деп хабарлайды ТАСС.
Кемерово облысының губернаторының уақытша міндетін атқарушы Сергей Цивилевтің айтуы бойынша, бұл - «Зимняя вишня» кешенін жоспарланған түрде бөлшектеу жұмыстарының алғашқы сатысы.
«Біз "Зимняя вишня» сауда үйі ғимаратын бөлшектеуге кірісудеміз. Барлық жұмыстар кезеңдерге бөлінген, бүгін - алғашқысы, яғни қосалқы ғимараттарды бұзудан бастадық», - деді Цивилев.
Кемерово облысының губернаторының уақытша міндетін атқарушысының айтуынша, «Зимняя вишня» СҮ айналасында не орналасатыны жөнінде кеңестің алдын-ала нәтижелері бекітіліп қойған. Көпшіліктің таңдауы скверге түскен. Сонымен қатар, Цивилев алаңның айналасында қала тұрғындары құрылыс барысын өз көздерімен бақылай алу үшін екі веб-камера орнатылатынын айтты.
«Кузбасстың 60% астам тұрғыны, дәлірек айтқанда, 400 мың адам бұл жерде сквердің болғанын қалайтынын жеткізген», - деп бөлісті Цивилев.
Сергей Цивилевтің сөзі бойынша, әлі сквер маңайында нақты қандай құрылыстың болатыны анықталмады: ескерткіш немесе кішігірім шіркеу орналасуы мүмкін. Қала басшысы Илья Сердюктың мәлімдеуінше, бұл аумақты дем алу орнына айналдыру туралы шешім маусымның басында бекітілуі ықтимал.
«8 маусымға таман аталмыш аумақты дем алатын деп бекітуге арналған әрекеттер ұйымдастырылған. Скверге айналдыру туралы шешімге алып-қосары бар қала жұртшылығын дәл осы жерде өтетін жалпы тыңдалымдарға шақырамыз», - деді Середюк.
Дүйсенбіде Кемеров облысының губернаторы меншік иелерімен барлық мәселелер талқыланып, жөнге келгенін айтты. ТАСС хабарлағандай, сауда үйінде ғимараттарды әртүрлі уақыттарда сатып алған жалпы 40 иеленуші бар екен, ал негізгісі - Кемерово кондитерлік комбинаты. «Зимняя вишняны» құлатқаннан кейін алаңды осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда. 25 наурызда «Зимняя вишня» сауда ойын-сауық орталығы өртке оранды. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға кезінде 60 адам қаза тапқан, 79 адам жапа шеккен. Сегіз адам айыпты деп танылып, қылмыстық іс қозғалды.
Дереккөз: inform.kz