Никарагуаны қайтадан ереуілдер шарпыды. Масая қаласы көшелеріне мыңдаған адам шыққан. Олар үкіметтің отставкаға кетуін және наразылық шарасы барысында көз жұмғандардың өліміне кінәлілерді ұстауды талап етіп отыр.
Дерек бойынша, шерудің соңы күштік құрылым өкілдерімен қақтығысқа ұласып, салдарынан бір ер адам қаза тапқан. Оқиға болған ауданды полицейлер қоршауға алды.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік сақтандыру реформасына қарсы жаппай ереуілдер 18 сәуірде басталған еді. БҰҰ-ның дерегі бойынша, бас көтерулер кезінде 50 шақты адам ажал құшқан, 400-ден астамы зардап шеккен.
Дереккөз: 24.kz