Атырау, 28 наурыз 15:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92

​Газа секторындағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандардың саны 55-ке жетті

2 237 рет қаралды


AFP ақпарат агенттігі палестиналықтар мен израильдік әскерилер арасындағы қақтығыс құрбандары санының 55 адамға жеткенін хабарлайды. 

Палестинаның БҰҰ-ғы өкілі Рияд Мансұр қаза тапқандардың арасында 16 жастағы сегіз баланың бар екенін айтты. Палестиналықтардың жаппай қарсылық шаралары 14 мамын күні таңертең басталған еді. 

Оның ең басты себептерінің бірі — АҚШ президенті Дональд Трамптың шешімімен АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен Иерусалимге көшіріліп, салтанатты түрде ашылуы еді. 

Айта кету керек, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі де «Қауіпсіздік кеңесі палестиналық азаматтық тұлғалардың өлтірілуіне байланысты өкініш білдіріп, қарсылық танытады», -  мәлімдеме жасап, АҚШ-қа жолдаған еді. 

Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20.00-де осы мәселеге байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы болады. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

15 мамыр 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.