Атырау, 16 желтоқсан 09:13
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Түркия АҚШ пен Израильдегі елшілерін кері қайтарып алды

1 800 рет қаралды


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Түркия АҚШ пен Израильдегі елшілерін қайтарып алды – деп хабарлайды NTV ақпарат көзі.

Мамыр айының 14-і күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасаған. Онда ол: «Біз Уашингтон мен Тель-Авивтегі елшілерімізді кеңес өткізу мақсатында кері қайтарып алдық. Израиль армиясы мен палестиналықтар арасында болған қақтығысқа байланысты мамыр айының 15-і Түркияда қаралы күн деп жарияланды. Біз Ислам ынтымақтастық ұйымы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді талап етеміз. Қазіргі уақытта осыған байланысты біз көптеген көшбасшылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз» - деген. 

Естеріңізге салайық, Израиль армиясы мен палестиналықтар арасындағы қақтығыс АҚШ бас елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіргеннен кейін басталған. «Үлкен марш» деп аталатын қарсылық акwиясы бүгін аяқталуы тиіс. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

15 мамыр 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.