Индонезияда жарылыс болып, салдарынан 7 адам қаза тапты. Бұл соңғы екі күнде жасалған төртінші шабуыл.
Оқиға Сурабая қаласындағы полицей учаскесі жанында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мотоциклді тізгіндеген екі адам мекеме жанына келіп, біреуі жарылғыш затты іске қосқан. Әзірге шабуылды ешбір топ мойнына алған жоқ.
Дереккөз: 24.kz