Атырау, 20 қыркүйек 10:28
 дождьВ Атырау +12.2
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

​Ыстамбұл әуежайында екі ұшақ соғысып қалды

Бейнежазба
2 647 рет қаралды


Ыстамбұл әуежайында екі ұшақ соғысып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости

Басылымның мәліметінше, оңтүстіккореялық Asiana Airlines компаниясының A330 ұшағы қонған соң Turkish Airlines әуе компаниясының A321 ұшағымен соғысып қалған. Түркия әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің вице-президенті Яхья Устюнның мәліметінше, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. 

"Сеул-Ыстамбұл бағытымен ұшып келген оңтүстіккореялық Asiana Airlines әуе компаниясының ұшағы Ататүрік әуежайында Ыстамбұл - Эрджан бағытымен ұшуға дайын тұрған ұшақты қанатымен соғып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, бірақ ұшақтар бүлінді", - деп жазды Устюн Twitter желісіндегі парақшасында.



Дереккөз: tengrinews.kz

14 мамыр 2018, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.