Атырау, 30 қараша 00:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Малайзияның экс-премьеріне шетелге шығуға тыйым салынды

1 776 просмотра


Махатхир Мохамад Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Наджиб Разактың шет елге шығуына тыйым салды. Үкіметтің жаңа басшысы солай шешіпті. 

Өзінің айтуынша, мемлекеттік қорға қатысты туындаған әлгі бір дау қайта тексеріледі. Өйткені алаяқтық әрекеттер 2015 жылы, яғни Наджиб билікте болған тұста жасалған. 

Айтпақшы, Наджиб Разак фейсбук әлеуметтік парақшасында отбасымен шетелге демалуға кететінін жазған еді. 

Айта кетейік, 9 мамыр күні Малайзияда өткен парламент сайлауында оппозициялық коалция жеңіске жетті. Оның жетекшісі Махатхир Мохамад 1981 жылдан 2003 жылға дейін елдің премьер-министрі болған. Араға 15 жыл салып, билікке қайта оралды. 

Махатхир Мохамад, Малайзияның Премьер-министрі: 

- Наджибтің үстінен түскен шағым көп. Мұның бәрі тексеруді қажет етеді. Тіпті кейбірінде дәлелдер келтірілген. Сондықтан жедел әрекет етуді жөн санадық. Егер басқа мемлекетке өтіп кетсе экстрадициялау мәселесімен бас қатыруға тура келеді. Кез келген шешім дәлелдерге негізделетін болады.

Дереккөз: 24.kz

14 мамыр 2018, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.