Атырау, 16 желтоқсан 09:14
 ашықВ Атырау -3
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Каталония басшысы лауазымына жаңа үміткер ұсынылды

2 031 рет қаралды


Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон автономды аймақты басқарудан бас тартып, осы лауазымға «Каталония үшін бірге» партиясының депутаты Ким Торрды ұсынды. 

Бұл мәселе кезекті заңнамалық жиында қаралып, бас спикер шешімді мәлімдеуі керек. Пучдемон өз үндеуін Германиядан әлеуметтік желі арқылы жасады. Еске сала кетейік, 25 наурызда Карлес Пучдемон Финляндиядан Бельгияға қарай бару үшін Германия арқылы өтпек болғанда қамауға алынды. Осыдан кейін ресми Мадрид оны кері қайтаруды сұрады. Ал Каталонияның бұрынғы басшысы билікке бағынбай, халықты бүлікшілікке шақырды деп айыпталған болатын.

Ресми деректер бойынша, Пучдемон  каталон парламентінің спикері Роже Торренмен байланысып, өзінің шешімі туралы хабарлап үлгерген. Айта кету керек, қазір Каталония қиын саяси жағдайды бастан кешіп жатыр. Себебі бірнеше ай бойы женералитет басшысын тағайындау үшін сайлауды өткізуге мүмкіндік болмады. Шешім 22 мамырға дейін қабылдануы тиіс. 

Карлес Пучдемон, Каталонияның бұрынғы басшысы:

- Біз Каталонияны басқаруға лайықты үміткер деп Ким Торрды ұсынып отырмыз. Автономия басшысын тез арада сайлап алмасақ, елдегі жағдай ушығып кетеді. Өз басым Ким Торрдың осы ұсынысты қабылдағаны үшін алғыс айтқым келеді.

Дереккөз: 24.kz

11 мамыр 2018, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.