Атырау, 30 қараша 00:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Малайзияның парламент сайлауында опозициялық коалиция жеңіске жетті

1 958 просмотра


Малайзияның осы жолғы парламент сайлауы тарих бетінде алтын әріппен жазылады. Себебі тәуелсіздік алған 1957 жылдан бері билеуші коалиция жеңісті қолдан бермей келді. 

Ал бұл сайлауда «Үміт альянсы» (Pakatan Harapan) оппозициялық коалициясы көп дауыс жинап, аталған ұйымның 113 депутаты жеңіске жетті.

Нақтылап айтсақ, парламенттегі 104 орынды осы ұйым құрамына кіретін «Халықтық әділеттілік» партиясы өкілдері иеленді. Ал «Демократиялық қозғалыс» партиясы 9 орынды меншіктеді. Жалпы Малайзияда депутаттар бір мандатты өңірлерде 5 жылға сайланады. 

Ал жеңісті ешкімге бермей келе жатқан «Ұлттық фронт» билеуші коалициясына бұл жолы небәрі 79 орын бұйырды. Бұл өзгеріске халық дән риза. Тұрғындар қала көшелеріне шығып, жаппай тойлауды бастап кетті.

Айта кету керек, «Үміт альянсы» коалициясы 2015 жылы құрылған. Оның құрамына үкіметтік емес 4 партия кіреді. Бұл саяси ұйымның төрағасы – Махатхир Мохамад. Ол 22 жыл бойы Малайзияның премьер-министрі болған.

Дереккөз: 24.kz

11 мамыр 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.