Малайзия сайлауында жеңіске жеткен "Үміт Альянсы" оппозициялық партиясының лидері Махатхир Мохаммад елдің жетінші премьер-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Bernama малайзиялық мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады, - деп жазады РИА Новости.
Оның антын Малайзия королі Мұхаммад Бесінші Куала-Лумпурдағы корольдік сарайда қабылдады. 92 жастағы Махатхир Мохаммад осымен екінші рет ел үкіметінің басшысы қызметіне тағайындалып, премьер-министр қызметіндегі ең егде шенеунік атанды.
Махатхир Мохаммад алғаш рет бұл қызметке 1981 жылы келген еді, сол кезде ол 56 жаста болатын. Бұл қызметтен ол 2003 жылы кеткен. 9 мамырда, сәрсенбі күні өткен сайлауда "Барисан Насиональ" коалициясынан елдің пост-колониалдық тарихында тұңғыш рет билікті алып отыр.
Махатхир Мохаммадты АҚШ президенті Дональд Трамп құттықтады.
Дереккөз: tengrinews.kz