Атырау, 30 қараша 00:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

АҚШ Иран ядролық келісімінен шықты

2 380 просмотра


Эммануэль Макрон, Ангела Меркель және Борис Джонсон бірінен кейін бірі Вашингтонға сапар шегіп, Трампты көндіруге тырысқанымен, құр қол қайтты. АҚШ ресми түрде бүгін Иран пактісінен бас тартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

2003 жылы Иракқа шабуыл жасалған сәтте, АҚШ пен Еуропа көзқарасы бір-біріне кереғар келген еді. Енді Иран ядролық қаруына келгенде Еуроодақ мүшелері Трампты келісімнен шықпауға көндіре алмады.

Трамп Тегеран ядролық бағдарламасынан Вашингтонның шығатынын ресми түрде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім АҚШ одақтастарымен алдын-ала ақылдасып, Таяу Шығыстағы жағдайды әбден талқылаған соң, қабылданып отыр.

Президент Дональд Трамп Иранға «экономикалық санкциялардың ең жоғарғы деңгейін» енгіземін деп уәде берді және бұл көпке созылмай, белгілі болатынын айтты. Ал Иран президенті Хасан Роухани Трамптың сөзінен кейін өз еліндегі атом өндірісі ұйымына дайын болуды тапсырды.

«Қажет болса, біз ядролық қару жасауды, уранды байытуды шектеусіз бастаймыз», - деді Роухани.

Халықаралық ұйым (СВПД) талаптары бойынша АҚШ санкцияларын алдағы айда енгізуге құқылы. Ал Вашингтонның еуропалық әріптестері Трамптың әрбір әрекетіне наразылық танытып отыр. Тек Иран пактісі ғана емес, альюминий мен болат тасымалына енгізілген АҚШ тарифы да Еуроодақ елдерін мезі еткен.

Айта кетерлігі, 8 мамыр күні АҚШ БАҚ құралдары республикалық партияға сілтеме жасап, Трамптың бұл келісімнен шығатынын мәлімдеген. Бірақ Трамп бұл шешімін көп күттірмей, келісімнен бірден бас тартты.

«Мен бір нәрсеге сөз берсем, сөзімде міндетті түрде тұрамын. АҚШ-тың батыл шешімін Тегеран міндетті түрде толық сезінеді», - деді Трамп.

Еске сала кетейік, Иранмен Еуроодақ елдері және АҚШ арасында Тегеран ядролық қару келісімі 2015 жылы жасалған болатын. Ал Трамп бұл келісімді өзі билікке келген соң «адам шошырлық» деп сипаттады. Сондықтан, Ақ үй басшысы бұл келісімнен бас тартып, экономикалық антииран санкцияларын қайта қолға алмақшы. 2015 жылғы Тегеран пактісіне Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Франция, АҚШ қол қойған. Вашингтон санкцияларын тоқтатып, Иран ядролық бағдарламасының көзін жоюға сөз берген.

Иранды ядролық державаға айналдырып жібермеудің амалы ретінде бұл келісім өте сәтті жасалды деп санайды Ұлыбритания, Франция, Германия басшылары. 29 сәуірде Британия премьер-министрі Тереза Мэй дәл осылай деп айтқан еді. Ал Ресей мен Қытай Тегеран пактісіне өзгерістер енгізу тек барлық келісім мүшелері жиналғанда ғана жүзеге асуы тиіс деп ескертті.

Дереккөз: Baq.kz

10 мамыр 2018, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.