Иранның ұстанымын Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерико Могерини қолдады. Ол Еуропа елдері АҚШ-тың соңынан ермейді керісінше келісімге қол қойған мемлекеттерді барлық талапты орындауға шақырды.
Сондай-ақ Франция президенті Эммануэль Макрон да Вашингтонның шешімін құптамайтынын жеткізді. Айтуынша, Дональд Трамптың бұл қадамы әлемде ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық ережеге қауіп төндіреді.
Федерика Могирини, Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі:
– Бұл екі ел арасындағы келісім емес. Сондықтан оны бір мемлекет жоя алмайды. Ядролық келісім халықаралық қауымдастыққа тиесілі. Мақсаты – Иранның ядролық бағдарламасына тосқауыл болу. МАГАТЭ Иранның өз міндеттерін орындағаны туралы он баяндама жариялады. Біз ядролық келісімнің сақталуын қолдаймыз.
Дереккөз: 24.kz