Атырау, 30 қараша 00:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Трамп қаруға тыйым салатын заңға қарсы шықты

2 222 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп NRA Конвенциясының мүшелері Франция мен Ұлыбританияның саясатына қарсы пікір айтып, аталған екі ел басшыларының ашуына тиді. Трамп қаруға тыйым салатын заңға қарсы шығып, 2015 жылы Парижде террористік шабуыл ұйымдастырылып, Лондонда пышақпен шабуыл жасау кең тарап отыр деді. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың Далластағы қару ұстау құқығы туралы Конвенцияға қатысты сөйлеген сөзінен соң, Франция наразылығын бірден білдірді. Елисей сарайының ресми мәлімдемесінде: «Президент Трамптың ескертулеріне Франция қатаң наразылығын білдіреді... қайтыс болған азаматтардың рухын сыйлауын талап етеді» делінген.

2015 жылы Франция теракті кезінде ел басқарған президент Франсуа Олланд твиттерде бірден пікірін білдірді: «Дональд Трамптың сөзі оны ұятқа қалдырды. Ол Францияға қатысты шынайы пікірін білдіріп қойды. Сыйластық жоқ жерде біздің мемлекеттер арасында достық қарым-қатынастың болуы мүмкін емес. Менің бар ойым 13 қарашада қапияда қаза болған бейкүнә жандарға арналады, олар тек құрметке лайықты».

Трамп: «Париждегі теракт болған кафеде қызметкерлердің бірінде қару болған жағдайда, террористер қашып кетер еді. Бұл оқиғаның соңы басқаша аяқталар еді» деп, қару ұстау мүмкіндігін шектеудің орнына кеңейтуді ұсынды.

Ал Елисей сарайы Трамптың бұл сөзіне «қоғамда еркін қару ұстау террористік шабуылдардан қорғанудың жолы емес. Қайта қарулы қақтығыстардың еркін өршіп кетуіне ықпал етеді» деп жауап берді. АҚШ-тағы Франция елшісі Жерара Аро қаза тапқандар саны өз еліндегі қару заңын өзгертпейді деді.

Еске сала кетейік, 10 адамнан тұратын қарулы топ Парижде 2015 жылы 13 қарашада шабуыл ұйымдастырып, 130 адам өлім құшқан болатын. ИГИЛ тобы бұл шабуылды ұйымдастырғандарын кейін мойындады.

Трамп Лондон ауруханасы пышақпен шабуыл жасаудың алаңына айналды дейді. Қару ұстауға қатаң тыйым салғанымен, пышақ шабуылы жиі тіркелетін Британияны Трамп сынға алды.

«Оларда қару жоқ. Оның орнына пышақ бар және емхананың барлық қабаты пышақталған адамдар қанымен сасып тұрады» деді Трамп.

Біріккен Корольдіктің Әділет хатшысы Чарли Фолкнер твиттерде: «әлемде АҚШ президентінен басқа адам өлімін азайту үшін қоғамдық қаруды еркін ұстау құқығын беру керек дейтін тірі адам жоқ» деп жазды.

Дегенмен, Трамптың дәл қай емхананы сынға алғаны белгісіз. Лондон патшалық емханасының хирург-травматологы Мартин Гриффитс Трамп мырзаны өз емханасына шақырды. Ол президентке шақыруын твиттер арқылы жолдаған.

Трамп сөз сөйлеп біткен соң, Британия премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы тілдесті. Ақ үйдің хабарлауынша, олар Қытай сауда нарығы мен Солтүстік Корея, Иран және Ұлыбританияға Трамптың сапары туралы сөйлескен. Ал қару-жарақ Конвенциясы туралы екі ел басшысы арасында не айтылғаны белгісіз.

Дереккөз: Baq.kz

7 мамыр 2018, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.