Атырау, 26 қараша 06:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жаз болса, су жоқ

Бейнежазба
3 447 просмотра


«АЖ» редакциясына Құлсары қаласы 1-ықшамауданының төрт көпқатарлы үйлерінің жоғарғы қабатындағы пәтерлер тұрғындарынан шағым түсті – олар бірнеше күннен бері сусыз отыр.   Осы жылдың наурыз айында жазғанымыздай, күн ысыған кезде осындай жағдай орын алады.

- 4 және 5 қатарда тұрамыз, су үш күннен бері жоқ. Кеше тіпті жұмысқа да барған жоқпыз, беретін шығар деп күткенбіз, бірақ болмады. Мұндай әр жаз сайын қайталанады. Тамақ пісіру, үй тазалау, кір жуу мұң болды. Бұл мұнайлы өлкеде болып жатқан жағдай. Өткен жылы темір құбырларды пластикке түгелдей ауыстырған едік, - дейді Құлсары тұрғындары Еркебай КӘРІБАЕВ, Зибат ҚАНАТБАЕВА, Әйгерім МҰХАМБЕТ.

Қазір №17, 18, 19, 20 үй тұрғыдары төменгі қатардағы көршілерінен суды шелектеп тасып жүр. 

 «ЖылыойСу» КМК директоры Ринат МҰРАТОВ:

- Жазда адамдар ауызсуды бақша суаруға пайдаланады, сондықтан да су жетіспеушілігі болады. Әрине, олар осы пайдаланған суларына ақша төлейді, сондықтан оларға тиым сала алмаймыз. Қазір тәулігіне 7100 текше метр су беріледі, алайда бұл аз. Біз жеткізуші – «ҚазТрансОйлға» тұрғындар демалып, үйлерінде болатын мереке күндері көбірек су беруді сұрап, хат жаздық.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 мамыр 2018, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.