Атырау, 30 қараша 00:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Францияда билік саясатына қарсы наразылық шеру өтті

2 027 просмотра


Франция астанасы Парижде ел президенті Эммануэль Макрон ұстанған саясатқа қарсы жаппай ереуіл өтті. 

Наразылық акциясына шыққан халық мемлекетте болып жатқан реформаларға көңілі толмайды. Олар бұл шараны президенттің билікке келгеніне бір жыл толуына орай ұйымдастырған. Түрлі деректерге қарағанда, шеруге 160 мыңға жуық адам қатысты. 

Олар «Гарнье Опера» үйі орналасқан алаңынан бастап Бастилия алаңына дейін жүріп өтті. Әуелде шеру бейбіт түрде басталған еді. Кейін бұзақылықтар орын алды. Ызаға булыққан жастар тілшілерге шабуылдай бастаған. 

Олар көшпелі студияларды бөтелкемен атқылаған. Қоғамдық тәртіпті бұзған топты тарқату үшін полицейлер көз жасаурататын газ пайдалануға мәжбүр болды. Әзірге қақтығыстардан жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Дереккөз: 24.kz

6 мамыр 2018, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.