Түркия астанасы Анкарада толассыз жауған жаңбыр кесірінен көшелерді су шайып кетті.
Соңғы деректерге қарағанда, табиғи апаттан алты адам жараланды. Сондай-ақ екпіні күшті ағын су бірнеше көлікті зақымдаған. Әсіресе Мамак ауданындағы халық қатты зардап шекті.
Мұнда тасқын тұрғын үйлердің бірінші қабатына кірген. Бірнеше көше жабылып, қоғамдық көліктер қатынасы тоқтады.
Шаһар мэрінің айтуынша, мұндай жауын-шашын соңғы 500 жылда болмаған. Жергілікті метеорологтардың айтуынша, жауын-шашынды ауа райы әлі бірнеше күн сақталуы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz