Бұл туралы елдегі сайлау комитетінің басшысы хабарлады. Ол депутаттыққа үміткерлерді ақпарат құралдарында мәлімдеме жасаудан бас тартуға және әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбеуге шақырды.
Саяси дода 6 мамырға белгіленген. 3,6 миллион адам дауыс береді деп күтілуде. Ал 128 депуттатық орынға 917 үміткер таласпақ. Жадыңызға сала кетейік, Ливанда соңғы парламент сайлауы 2009 жылы ұйымдастырылды.
2013 жылы сайлау өткізілуі тиіс еді, бірақ елдегі саяси дағдарысқа байланысты депутаттар өкілеттігін 3 мәрте ұзартқан.
Дереккөз: 24.kz