Атырау, 30 қараша 00:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Telegram мессенджерінің бұғатталуына биліктің қатысы жоқ — Иран президенті

1 816 просмотра


Иран президенті Хасан Роухани өзінің мемлекет территориясында Telegram мессенджерінің бұғатталуына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді және мұны сот органдарының «заңды қаулысы» екенін айтып өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Егер бұғаттау мен адамдардың қарым-қатынасына кедергі болу туралы шешімді жоғарыдағылар қабылдаған болса, мемлекеттің нағыз иесі – халық бұл туралы білуі тиіс», - деп жазды Роухани өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Ол, сондай-ақ, биліктің 11-ші және 12-ші саясатының киберқауіпсіздікті күшейтуге бағытталғанын айтып өтті. Яғни бұл саясаттың мессенджерді бұғаттауға еш қатысы жоқ.

«Билік осы күнге дейін бірде-бір мессенджерді немесе әлеуметтік желіні бұғаттап көрген жоқ және олай жасамайды», - деп қорытты ол.

Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі күні прокуратура аталған мемлекеттегі интернет-провайдерлер мен телефон операторларына Telegram мессенджерін бұғаттауға тапсырма берген еді.

Дереккөз: Baq.kz

5 мамыр 2018, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.